Балқашта протестант шіркеуінің өкілі заңмен жазаланды

Үйіне тұрғындарды жинап, құдайға сыйыну рәсімін жасаған протестант шіркеуінің өкілі заңмен жазаланды. Судья 56 жастағы қала тұрғынына 100 АЕК яғни 226 900 теңге айыппұл салды. Баптист пәтерінде уағыз жүргізіп, тіркелмеген діни ұйымға жетекшілік еткен. Ал, заң бойынша тіркеуден өтпеген діни бірлестіктерді басқаруға және оның қызметін жалғастыруға тыйым салынады. Алайда, ер адам тағылған айыппен келіспеді. Сот отырысында оның бұған дейін бірде-бір рет әкімшілік жазаға тартылмағаны және көршілерінен ешқандай шағым түспегені ескерілгенімен, айыпталушының өз кінәсін мойындамағаны да есепке алынды. Енді ол қазынаға 226 900 теңге айыппұл төлеуі тиіс.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture