Кәсіп ашуға берілетін шағын несие көлемі 18 миллионға дейін өсті. Балқаштықтар бұл сомаға «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту » атты мемлекеттік бағдарламаға қатысу арқылы қол жеткізе алады.
Гүлдене бер, Балқаш. Бүгін шаһарда гүл егу науқаны басталды. Биыл «Зеленстрой» ЖШС-нің қызметкерлері қала көшелері мен алаңдардағы 5 мыңнан астам шаршы метр жерді көгалдандырмақшы.
Жасыл –желекті сумен қамтамасыз ету жүйесі іске қосылмақ. Қазір әзірше қаладағы барлық су жіберетін құбырлар сынақтан өтіп, тексерілуде. Өйткені, орталық магистральдың құбыры сыр берген. Мамандар бүгін жөндеу жұмыстарын бастады.
3 «б» автобусының жүру кестесі ұзарды. Енді алғашқы қоғамдық көлік темір жол вокзалынан таңғы 7:50 де қоғалса, соңғысы 19:30 да жүреді. Алайда, ақ тас аймағына қатынайтын автобус биылдан бастап онда жүруін тоқтатты.
ТКШ бөлімі болса, бұл жолды саяжай маусымы басталмай тұрып жөндеуге уәде берген. Алайда, бұл жұмыстар кейінге қалдырылыпты.
15 мамыр күні Балқаштағы ең үлгілі, ең еңбекқор, ең тату жанұя анықталады. Ал, бұл атаққа Ракишевтар әулеті де үміткер. «Мерейлі отбасы» байқауына қатысуға өтініш білдірген отбасында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері жетерлік.
Гимназия оқушылары отан қорғаушылар күніне орай әскери парад ұйымдастырды. 4 командаға бөлінген ұшқыштар, гвардияшылар және десантшылар мен жаяу әскер сапта жүруді, ән айтуды көрсетті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login