Балқаштық жанұя «Мерейлі отбасы» атағын алуға үмітті

15 мамыр күні Балқаштағы ең үлгілі, ең еңбекқор, ең тату жанұя анықталады. Ал, бұл атаққа Ракишевтар әулеті да үміткер. «Мерейлі отбасы» байқауына қатысуға өтініш білдірген отбасында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер жетерлік. Мысалы, отағасы 30 жыл бойы зауытта еңбек етсе, екі ұлы қызыл диплом иегері.

Кәріғұл Ракишев бұл суретте 23 жаста. Әскерден келген уақыты. Ауылына оралып, отау құрғаннан кейін қалаға көшеді. Содан кислород цехына қатардағы жұмыскер ретінде қызметке тұрған. Ал, бірер жылдан кейін лауазымы жоғарылайды. Қазір отағасы жөндеу бригадасының басшысы және өндіріс ардагері.

 Кәріғұл Ракишев-«Мерейлі отбасы» байқауына қатысушы
«87 жылдан бері осы бір цеха істеп келе жатырмы. Жолдасым 2006 жылы келді сол цехқа. Содан біргеміз.  Ақтоғай ауданының Қызыларай совхозында танысқанбыз. Содан бері 30 жылдай өмір сүріп келеміз.»

Ал, үйдің ұйытқысы болып отырған Гүлнәш Біләлова медицина қызметкері. Бұл салаға өз өмірінің 10 жылын арнаған. Отасқан 30 жылда мектепте озат оқушы атанып, 21 — ғасыр көшбасшысы интелектуалдық ойнына қатысқан 2 ұлды тәрбиелеп өсірді. Үлкені Әсет магистартураны тәмәмдаған. Биыл енді PhD доктор деңгейін қорғамақ.

 Әсет Ракишев – Ракишевтер отбасының үлкен ұлы
«Ата-анамның арқасында, үлкен тәрбиесінің арқасында үлкен азамат болып отырмыз. Кішкентай жасымыздан көмектесіп отырды. Мектепте болсын, университетте болсын. Университетке түспей қалған кезде жасыма деп түсіндірді. Соңында ақылы оқып, 2 курста грантқа өткен болатынмын».

Кіші ұлдары Талғат жол патрульдік полиция қызметкері. Осыдан 2 жыл бұрын келін түсіріп, ата-анасының қолын ұзартса, осыдан 9 ай бұрын әке атанды. Қазір бұл отбасының басты қызығы әрі қуанышы кішкентай-Әзімжан.

 Гүлнәш Біләлова – «Мерейлі отбасы» байқауына қатысушы
» Өмірге немереміз келді Әзімжан. 9 ай. Кішкентай. Қазір бәріміз сол кісіге бағынамыз. Батырымыз. Қазақстар айтады ғой, балам-бағым, немерем-жаным. Біздің немереміз жанымыз. Үлкен үміт күтеміз.»

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture