Микронесиелер сомасы 18 миллионға дейін өсті. Енді балқаштықтар «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту » атты мемлекеттік бағдарламаға қатысып, өз бизнестерін аша алады. Бүгін бұл тақырыпты жерлестерімізге Қарағандыдан келген «Даму» АҚ-ның мобильдік орталығының кеңесшісі Айдар Қанатұлы түсіндірді. Қазіргі күні Балқашта өз істерін дөңгелетіп жүрген 4200-дей жеке кәсіпкер бар. Алайда, осы уақытқа дейін өзгелері бизнес ашамын деп мемлекеттік қолдауға ие болғанымен, оның бағыт-бағдарын біле –білмейтін. Сондықтан жаңа бағдарлама арқылы болашақ кәсіпкер алдымен оқытылып, кейін 6 пайыздық мөлшермен несие ала алады. Сомасы 18 миллионға дейін. Бірақта, ол үшін міндетті түрде кепілдік болуы тиіс. Кепілдікті Даму қоры да көрсетуге мүмкіндіктері бар.
Айдар Қанатұлы-«Даму»кәсіпкерлікті дамыту қоры » АҚ-ның мобильдік орталығының кеңесшісі
«Бұл жаңа бағдарлама арқылы кәсіпкерлікті дамыту және кеңейту салаларына ақшалар бөлінеді. Ең бір бастысы жұмыссыздықты азайту мақсатында көрсетілген. Бұл бағдарлама арқылы 5 немесе 7 жылға дейін».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login