Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі-ТІЖ) ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаның қағидаларына сәйкес(ҚР ҚМ 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығы) 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап құрылыс материалдарын сату кезінде ТІЖ ресімдеу және Виртуалды қойма модулін қолдану қажет.
ТІЖ ресімдеу кезінде техникалық мәселелер туындаған жағдайда «тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат» 32-жолда NON SNT көрсете отырып, ТІЖ-сінсіз ЭШФ жазып беру мүмкіндігі бар (ТІЖ ресімдеу жөніндегі пилоттық жоба қағидаларының 30-1-т.).
Пилоттық жобаның мақсаты ТІЖ-ны енгізуге жұмсақ көшу және салық төлеушілерге ТІЖ-ны міндетті түрде қолдануға дайындалу мүмкіндігін беру болып табылатынын атап өтеміз.
Пилоттық жоба кезеңінде ТІЖ уақтылы ресімдемегені, расталғаны үшін әкімшілік жауапкершілік шаралары көзделмеген.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login