Балқаш жаңалықтары 2 мамыр 2017

1 мамыр Қазақстан халықының бірлігі күні қарсаңында балқаштық этно-мәдени орталық өкілдері қала әкімімен кездесті. Ақ отау залында өткен мерекелік шараға қазақ ұлтының өкілдерімен қатар словян, неміс, кәріс , татар- башқұрттықтар жиналды.

Ынтықмақ күні Балқаш аспаны ерекше түрге енді. Бұл күні көкте қалықтаған бұлттарды ғана емес, түрлі-түске боялған батпырауықтарды да көруге мүмкіндік туды.

Достығы мен татулығы жарасқан Қазақстан халқының бірілігі күнін балқаштықтар да елмен бірге атап өтті. 1 мамыр күні Желтоқсан көшесі қызылды–жасылды түске боялып,кешке дейін мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Балқаштық Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне Жеңіс күніне орай 150 мың теңге жәрдемақы берілмек. Қазір арамызда бейбіт күн үшін от кешкен 6 майдангер қалды.

Балқаштық әскери бөлім 20 студенттің арманын орындады. Әскери әуезжай басшылығы бала кездерінде ұшқыш болуды қалаған жастарға арнап экскурсия ұйымдастырды.

Елбасының бастамасы бойынша қолға алынған мерейлі отбасы байқауы биыл төртінші жыл ұйымдастырылуда. Сайыс шарты бойынша, алдымен аудан-қалаларда іріктеу кезеңі өтеді. Оған Балқаштан 3 отбасы қатыспақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture