Балқаштықтар бірлік күнін атап өтті

Достығы мен татулығы жарасқан Қазақстан халқының бірілігі күнін балқаштықтар да елмен бірге атап өтті.1 мамыр күні Желтоқсан көшесі қызылды–жасылды түске боялып,кешке дейін мерекелік концерт ұйымдастырылды. Сахна төрінде шараның шырайын келтіретін сан түрлі ұлт өкілдері өнерлерімен бөлісіп, балалар асфальт бетіне бірлікті суреттеді.

Ынтымақты дәріптейтін көркем шараны ертегі кейіпкерлері ашты. Балалардың сүйіктілеріне айналған әнші Псай, ерке Маша, ханшайым Фиона мен сайқымазақтар ортада би билеп, кішкентай көрермендердің көңілін көтерді. Белсенділерге тәтті сыйлықтарды үлестірді.

Ал «Мен Балқашты сүйемін» монументінің асфальті түрлі –түске бояалды.12 командаға бөлінген балғындар жерге бормен сурет салды. Бірлік тақырыбын өздерінше бейнеледі. Нәтижесінде, жас суретшілердің арасында № 1 мектеп пен қалалық гимназия үздік деп танылды.Сайыстың күміс жүлдегерлері № 17 мектеп пен №  2 лицей болса, № 4,15 мектеп және  №2 интернат үштікті қорытындылады.

Кейін мерекелік салтанатты шара концерттік бағдарламамен өрбіді. Сахна төрінде түрлі этнос орталықтарының өкілдері туған тілдерінде әннен шашу шашып, ұлттық билерін биледі. Осылайша мамыр мамыражай мейрамы кешке дейін жалғасты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture