Балқаштық өрт сөндірушілер баскетболдан чемпион атанды

Балқаштық өрт сөндірушілер тек өз қызметтеріне ғана емес сондай-ақ   спортқа да бейім.  Қаладағы №45 өрт сөндіру бөлімі баскетболдан өткен облыстық жарыста бірінші орын алды. Чемпионнан чемпионға өтетін ауыспалы кубок енді Балқашта.

Өртке қарсы қызмет гарнизоны бөлімшелерінің арасында ұйымдастырылған жарыс Қарағандыда өтті. Оған облысқа қарасты қалалар мен аудандардан 13 команда қатысқан. Балқаштықтар сайыс барысында 4 командамен кездесті. Ал, финалда былтырғы жылдың чемпиондары Қарағанды қаласының №1 өрт сөндіру бөлімімен бас жүлдеге таласқан. Нәтижесінде  қарсыластарын 14:10 есебімен жеңіп, биылғы жылдың чемпионы атанды. Ауыспалы кубокка ие болған балқаштық өрт сөндірушілер енді  облыстық футбол жарысында бақтарын сынамақ.

Ерлан Байсейітов-№45 өрт сөндіру бөлімінің басшысы

«Бұл біздің бір апта ғана дайындалғандағы нәтижеміз. Алдағы уақытта жұмысқа волейбол, футбол, баскетболалаңдарын салу жоспарда бар. Енді таяу арада кіші футболан өтетін жарысқа барамыз.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture