Балқашта үздік такси қызметкерін таңдайды

Балқашта ең үздік такси қызметкері, даяшы және талапқа сай келетін тамақтану орнын таңдайды.  Жеңімпаздарға ақшалай сый, тұрмыстық техника және сертификат табысталады.

Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі 5 номинация бойынша байқау жариялады. Оған таксишілер мен даяшылар, қоғамдық тамақтану орындары, қонақүйлер, жол бойындағы бизнес кәсіпорындары қатыса алады.  Ал, ұйымдастырушылар, ең үздік қоғамдық тамақтану мекемесін таңдау барысында оның ішкі көрінісіне және дизайнына мән береді. Бұл жерде қызмекерлердің біркелкі форма киуі, ас мәзірінде фирмалық тағамның болуы аса маңызды. Тіпті желдеткіштің бар жоғыда ескерілмек.

Ал, үздік даяшыны анықтау барысында қатысушының сыртқы келбеті, қызмет көрсету жылдамдығы және ұқыптылығы бағаланады. Ал, ең сыпайы таксишы атану үшін, 5 жылдық тәжірибе керек. Мұнда да жылдамдық аса маңызды. Сонымен бірге, көліктің тазалығына, жүргізушінің сөйлеу мәнеріне аса көңіл бөлінеді. Байқауға қатысам деушілер 15- мамырға дейін өтініш беріп үлгерулері қажет. Анықтама телефоны: 4-03-32, 4-24-25

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture