Қарағандылық полицейлер 26 келі гашиш есірткі тәркіледі

Облыстық полицейлер 26 келі гашиш есірткісімен Шу қаласының тұрғынын ұстады. Тәртіп сақшылары 28 жастағы азаматтың Тауата маркалы көлігін қалаға кіре беріс тұста тоқтатып, бірнеше пакетке толы жасыл шөпті тәркіледі.

Оқиға Қарағандыға барар жолда «Соқыр » кентінің маңында орын алды.Сол тұста ішкі істер бөлім қызметкерлері күдіктінің көлігін тінтіп, жүк салғыш бөлігінен скочпен оралған 4 полителенді пакет пен 1 сөмкені тәркіледі. Және оны тексеру барысында гашиш есірткісі екендігі анықталды. Қазір Шу қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ІІД басқарма басшысы
«Көліктің жүк салғыш бөлігінен 26 келі гашиш есірткі заты тәркіленді.Ұсталынған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып,тергеу амалдары жүргізілуде.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture