Ертең православтар үшін ата-аналар күні. Осы дәстүрге орай жаңа және ескі зиратқа 5 қосымша автобустар бөлінді. Қоғамдық көліктер таңғы 8- ден бастап әр 20, 30 минут сайын автобекеттен жүре бастайды. Алайда, жол жөндеу жұмыстарына байланысты автобустар маршрутына біраз өзгерістер еніп отыр. Соған сәйкес жаңа қорымға жүретін қоғамдық көлік Ағыбай батыр және Ленин көшелерімен жүреді. Жол құны — 100 теңге. Ал, ескі қорымға аттанатын екінші көлік аАғыбай батыр көшесі арқылы Ленинге түсіп, әрі қарай мир көшесімен Желтоқсанға өтеді. Жүру құны — 60 теңге.
Алексей Макаров-«Тұлпар» автобус бекетінің бас инженері
«Жаңа зират басына 3 автобус жүреді, ал ескі қорымға 2 автобус бөліп отырмыз. Қоғамдық көліктер әр 20-30 мин сайын автобекеттен жүреді. Соңғы рейс кешкі 18:25 те және 18:40 та».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login