Ақбота балабақшасының балалары облыстық байқаудан жүлдемен оралды

Балқаш қаласының Ақбота балабақшасы Қарағандыда өткен «Маленькая страна» облыстық байқауында ІІ орын иеленіп қайтты. Дәстүрлі байқау Вокал, сән театры, би сынды үш номинация бойынша өтті. Балқаштық бүлдіршіндер Вокал номинациясы бойынша бақтарын сынаған еді. Онда Кәусар Бекен, Әлихан Құмархан, Хадиша Өтеген, Ильнара Утенова, Аяру Қаршыға, Аңсар Сағындық есімді 6 бала бірге «Весенний букет» әнін үш тілде орындап шықты. Бар болғаны 3 жасар блабақша тәрбиеленушілері 65 баланың арасында ІІ орынды жеңіп алды. Балаларды дайындап, жарысқа қатыстырған «Ақбота» балабақшасының музыкалық жетекшілері Ажар Танай мен Әсел Шаймерденова. Айта кетейік, былтыр «Ақбота» балабақшасының балалары дәл осы байқаудан бас жүлдемен оралған болатын.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture