Мұғалімдер енді құжат толтырып әлек болмайды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов арнайы бұйрық шығарды. Соған сәйкес, мектеп мұғалімдері енді екі ғана құжат толтырады. Бірі – сынып журналы, екіншісі – сабақ жоспары. Қалған құжаттың қажеті жоқ дейді Білім министрі. Егер мұғалім жас педагогтің тәлімгері болып, сол үшін 17 мың теңгеге жуық үстемеақы алатын болса, онда жас әріптесімен бірлесіп атқарған жұмысы бойынша әдістемелік құжат толтырады. Министрлік осы арқылы ұстаздар қауымын қағазбастылықтан арылтпақшы. Колледж мұғалімдері мен жоғарғы оқу орындарының оқытушылары да бұрынғыдай есеп бермейді. Ұстаздарды артық жұмысқа жегіп, оларды мәжбүрлейтін болса, әкімшілік өкілдері жауапкершілікке тартылады. Бұйрыққа бағынбағандарға 300 мыңнан аса айыппұл салу қарастырылған. Бұл жөнінде «Педагог мәртебесі» туралы заңда барлығы тайға таңба басқандай етіп жазылған.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login