Балқаш қаласының әкімі ардагерлерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

Балқаш қаласының әкімі ардагерлерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.
Оқ пен оттан аман келген  майдангерлер қатары жыл өткен сайын сиреуде. Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойын қаламыздың 2 ардагері қарсы алды.

«Сыйлассаң — сыйлы боласың» демекші, қаламыздың әкімі алдымен қарт майдангер Мұқажан Омаров ақсақалды құттықтады. 1943 жылы 6 сәуірде майданға шақырылып, Қиыр Шығысқа қызмет етуге аттанды. Жапон милитаристеріне қарсы шайқастарға қатысып, нағыз ерлік көрсетті. Мұқажан Жүкенұлы жақында  95 жасқа толды.

Ораз Тәуірбеков-Балқаш қаласының әкімі:

«Сіздің арқаларыңызда біз осындай қазіргі таңда бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Барлық ұрпақтарымыз атынан, өзімнің атымнан сізге шексіз алғысымды білдіремін. Қуаныш пен бақыт, денсаулық тілейміз.»

Соғыс ардагері Рашида Сергиенко да  биыл  95 жас мерейтойын тойламақ.  18 жасында қолына қару алып, соғысқа аттанған.  Сөйтіп, Украина түбіндегі кескілескен ұрыстан бірақ шығады. Ол соғыстағы ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз», Екінші Дүниежүзілік соғыс орденімен, Жуков және Германияны жеңгені үшін медальдарымен марапатталған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login