Шаһарымызға Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек іс сапарымен келді

Шаһарымызға Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек іс сапарымен келді. Аймақ басшысы шаһардың жылыту маусымына дайындығын тексеріп,  құрылыс аймақтарын аралады.

Енді Балқаш әуежайы да, 1-ші класты үлкен жүкті ұшақтарды қабылдауға қауқарлы. Былтыр қала әуежайының ұшу-қону жолағы пайдалануға берілген болатын, соның арқасында әуе айлағында 1-ші класты ұшақтарды жыл бойы және тәуліктің кез келген уақытында қабылдау мүмкіндігі пайда болды.

Биыл Қоңырат ықшам ауданында , жылу беру желісін салу қолға алынбақ. ЖЭО-нан басталатын құрылыс мамыр айына жоспарланған. Жылуға қатысты көп жылдық мәселе 2022 жылға дейін толығымен шешілмек.

Әлібек Акишев – «Су Жылу Транс» КММ директорының орынбасары

«Балқаш жылу электр орталығынан бастап Қоңырат мөлтек ауданына дейін жаңа магистрал торабын тарту жұмыстарын бастаймыз. Оның ұзындығы 16,9 шақырымды құрайды. Конкурстық жұмыстар аяқталды, мердігер компания анықталды. Осы жобаны іске асыру арқылы жұмысшылар кентін орталық жылумен жабдықтау мәселесін шешу мүмкіндігі туады».

Қаламызда сондай –ақ , тұрғын үй құрылысы қарқын алмақ. Біраз тұралап қалған құрылыс саласы, соңғы жылдары жандана бастады.  Мәселен, биыл бастау алған  2 тұрғын үйде  әлеуметтік осал топ иелері тұратын болады. Айта кетейік,  қаламызда тағы  134 пәтерлі 6 тұрғын үй салу  жоспары да бар.

Қаланы аралау барысында, шаһар әкімі орталық көшедегі бес үйдің шатыры ауыстырылып, қасбеттері жаңарады деген жоспарымен бөлісті.  Өз кезегінде Жеңіс Қасымбек қалада жұмыс істемей тұрған лифттерді қалпына келтіруді тапсырды. Анықталғандай, шаһарымызда жөндеуді қажет ететін 7 лифт бар.

Облыс әкімі екі шаһар арасындағы жолдың жөндеу жұмыстарына да тоқталды. Осы жылдың соңына дейін Қарағанды — Балқаш жаңа жолы пайдалануға беріледі. Аталмыш учаскені абаттандыруға келесі жылы кірісу жоспарлануда. Қазір Қарағанды-Балқаш учаскесіндегі жөндеу жұмыстарына 900-ге жуық техника мен 1 800 адам жұмылдырылған. Қайта қалпына келтіру жұмыстары карантин салдарынан кешіктіріліп басталғанын ескере кету қажет.

Жеңіс Қасымбек — Қарағанды облысының әкімі

«Мердігерлермен жазғы кезеңде сапаға нұқсан келтірместен жұмысты қарқындату жөнінде келістік. Бұл келер жылы Солтүстік аймақтардағы азаматтардың жаңа жол бойымен жайлы жүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде Балқаш көліне туристердің ағымын ұлғайтуға жағымды әсер етуі тиіс».

Қарағанды облысының әкімі сондай-ақ, Балқаш қаласынан Алматы қаласына қарай Жамбыл облысының шекарасына дейінгі жол құрылысы жүргізіліп жатқанын, бұл уақыт өте келе туристік ағындарға әсер етуі тиіс екенін атап өтті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login