Балқашта жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда мердігер компания жұмысшы кенті мен қаланың орталық көшелеріне орташа жөндеуді бастаған.
Биыл жұмысшылар кентінде 10 шақырым жол жөнделеді. Қазір мұнда арнайы техника жұмыс жасауда. Жаңа жол төсемі Абай мен Металлург, Жезқазған көшелерінде пайда болмақ. Алдымен демонтаж жұмыстары жасалып, одан соң құм себіліп, артынша асфальт төселеді.
Биыл шаһарымызда 24 шақырым автомобиль жолы жөнделеді. «Балдәурен» сауықтыру орталығына барар жолдағы 31 мың шаршы метр асфальтті-бетонды төсеу жұмыстары аяқталған.
Айрат Қарамурзин – Балқаш қ. әкімінің орынбасары
«Қазіргі уақытта 4 жарым шақырымға асфаль-бетон төселді. Ол «Балдәурен» сауықтыру орнына барар жол аумағы. Бүгінде жол жиегі жасалуда»
Қаланың басқа көшелеріндегі жолдардың шұңқыры жамалмақ. Бұл тізімде Ағыбай батыр, Қараменде би, Желтоқсан, Уәлиханов, Спицин және 10 шағын аудандар бар. Жұмыстың сапалы жүргізілуіне мамандар бақылау жасайтын болады
Айрат Қарамурзин – Балқаш қ. әкімінің орынбасары
«Өздеріңіз білетіндей, былтырғы жылға қарағанда биыл жол жөндеу 6 есе артық қаржыландырылады. Жүргізілген жұмыстар бойынша үлгі алынды. Қолданылған қоспалар республикалық мемлекеттік кәсіпорынға сараптамаға жіберілді»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login