Қорытынды жаңалықтар 21 сәуір 2017

Автотұрақтағы күзетшінің дүңгіршегі өртке оранды.Абырой болғанда түнгі екіде орын алған тілсіз жаудан жұмыскер аман қалды. Түн жарымда дүңгіршектен будақтаған қара түтінді өтіп бара жатқандар байқап, өрт сөндірушілерге хабарлаған.

Сонымен қатар осы аптада төтенше жағдай су көлігінің қатысуымен болды. Пластикалық қайық қара түтінге оранып, жанып кетті. Оқиға сағат күндізгі 12-де орын алды.

Балқашта жүкке толы камаз аударылды. Оқиға Қараменде би көшесінің бойында, дене шынықтыру және сауықтыру кешені жанында орын алды.

Мектептегі әлімжетік. 9 сынып оқушысынан қомақты ақша талап етіп, бопсалаған екі сыныптас ұсталды. Күндердің бірінде 15 жастағы екі оқушы өздерімен қатарлас, тек басқа сыныпта оқитын баламен сөйлеспек болып қастарына шақырады.

Балқаш қаласының тұрғыны қамауға алынды. 43 жастағы азамат әкімшілік құқықты бұзғаны үшін темір торда 2 күнін өткізетін болады.Осындай үкімді қалалық мамандандырылған әкімшілік соты жария етті.

Балқаш қаласының депутаттары бұқара халықпен кездесіп, атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Халық қалаулылары бүгінгі күнге дейін тұрғындардан келіп түскен 120 өтінішті қарап,40 пайыз арман-тілекті оң нәтижемен шешті.

Қарағанды облысының үш ауданында тіркелген төтенше жағдай біздің өңірде де орын алды. Қаладан 30 шақырым қашықтықта орналасқан Саяқ кентінің жолына су жетті.Арнасынан тасыған Тоқырауын өзенінің суы Балқаш-Саяқ кентінің тас жолының биіктігінен асты.

Ауласына қарап, азаматын таны. Осыны ескерген Балқаш қаласының әкімі коммуналшылар мен мердігерлердің басын қосып, шаһар ішінде жасалып жатқан құрылыстың қарқынын тексеріп шықты.

Зиянкестерден қауіп. Қалада жапырақ жегіш құрттар пайда бола бастады.Қазір ағаш-талдарда жайқалған жапырақ болмасада қоңыздар қаптап келеді. Тіпті, тұрғындардың пәтерлерінен де кездестіруге болады.

Қалада ауыз суды хлорлау дүйсенбіден бастап жүргізілетін болды. Мамандар сәуір айының 24,25,26 күндері аралығында тіршілік нәрін толық тазалайды.

Балқаштықтар бір аптаның ішінде 5 дана аңшы мылтығын өткізді. Енді олар тіркелмеген қару-жарақтарды сатып алу акция аясында ақшалай сыйақыларға ие болады.

Линиялық полиция бөлімшесінің қызметкерлері рейд жұмыстарын бастады. Өйткені, 15 сәуірден бастап көл бетіне шығуға тыйым салынды. 31 мамырға дейін көлге шықпақ түгілі, балық аулауға, көлікпен көл жағасында жүруге мүлдем болмайды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture