Балқаш қаласында коронавируске тестілеу басталды. Бірінші кезекте ЖРВИ -мен ауырғандар тексеріледі. Сондай-ақ жүктілігі 38 аптадан асқан әйелдер, 1-ші сәуірден бастап босанған аналар , карантинде отырғандар, созылмалы тыныс алу жолы ауруы бар тұрғындар бірінші болып сараптамадан өтеді. COVID-19-ды жұқтыру қаупі бар медицина қызметкерлері де ерекше назарда. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаменті, Ішкі істер департаменті және әкімшілік қызметкерлері де сараптамадан өтеді. Сондай-ақ, тергеу изоляторларында және уақытша ұстау изоляторында қамауда отырғандар да коронавируске тестілеу тапсырады.
ЖРВИ — мен ауырғандар
жүктілігі 38 аптадан асқан әйелдер
1-ші сәуірден бастап босанған аналар
карантинде отырғандар
созылмалы тыныс алу жолы ауруы барлар
медицина қызметкерлері
Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаменті, Ішкі істер департаменті және әкімшілік қызметкерлері
тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторында қамауда отырғандар
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login