Қарағанды облысының үш ауданында тіркелген төтенше жағдай біздің өңірде де орын алды. Кеше қаладан 30 шақырым қашықтықта орналасқан Саяқ кентінің жолына су жетті.Арнасынан тасыған Тоқырауын өзенінің суы Балқаш-Саяқ кентінің тас жолының биіктігінен асты. Себебі, қатты жылдамдықпен аққан суға жол бойында орналасқан құбырдың шамасы жетпей жатыр. Сол себептен қазір онда мамандар қауіпсіздік шараларын жүргізіп, бөгеттер жасауда. Ал құтқарушылар Саяқ бағытына әзірше жолға шықпау керектігін ескертеді. Өйткені, ол жақтың жолы құм болғандықтан -көлікпен жету мүмкін емес.
Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
Тоқырауын өзенінің арнасынан асуына байланысты Саяқ тас жолының бойында Ақтоғай ауданының төтенше жағдай қызметінің мамандары, түрлі мекеме жұмыскерлері алдын-алу шараларын жүргізіп жатыр. Су деңгейі басылғанша ол жаққа көлікпен жолға шықпауды керектігін ескертеміз.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login