Балқашта жапырақ жегіш қоңыздар қаптап келеді

Қалада жапырақ жегіш құрттар пайда бола бастады. Қазір ағаш-талдарда жайқалған жапырақ болмаса да қоңыздар қаптап келеді. Тіпті, тұрғындардың пәтерлерінен де кездестіруге болады. Кез келген жапырақты кеміріп жей беретін жәндіктер күн жылысымен санын көбейтуде. Қазір оларды саябақтар мен орталық алаңдардан көруге болады. Және қоңыздар қара ағаштарды жеп тауысқанымен қоймай, үйдің есік-терезесінен ішке ене бастаған. Ал мамандар зиянды құрттардың көзін құрту үшін химиялық жұмыстарды мамыр айында іске асырамыз. Оған дейін арнайы ертіндінің пайдасы болмайды дейді.

Азат Ахмолдаев – Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор
«Қолайлы жағдай туған кезде олар осы жапырақтар пайда болысымен ағаштарға қоректенуге көше бастайды.Осы уақытта жұмыртқа салғанға дейін мамыр,маусым айларында химиялық өңдеу шараларын жасау керек.»

Өткен жылы зиянды құрт-құмырысқаны жою шаралары маусым, шілде айларында жүргізілді. Бірінші рет 2 млн теңгеге 90 гектар жерге улы химиялық ерітінді себілді. Алайда, одан шыққан нәтиже шамалы. Ал жаз айының ортасында жапырақ жегіштерді жоюмен КСК айналысу керек еді. Бірақта, коммуналшылар міндеттерін орынмағандықтан өсімдіктер қурап қалды. Сондықтан, биыл тал-теректерді химиялық жолмен өңдеуді әкімшілік өз мойнына алып отыр.

Әнуар Сәмиев – ТКШ бөлімінің жетекшісі
«Жапырақ жегіштерді толығымен жою үшін биыл қосымша тағы қаржы бөлінді. Енді химиялық өңдеу жұмыстар саябақ пен орталық алаңдардан өзге, көше аулаларында жасалады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture