Балқашта өрт оқиғалары жиілеп кетті (Видео)

Көктем келісімен қалада өрт оқиғалары жиілеп кетті. Осы аптаның төрт күнінің ішінде 6 рет күл-қоқыспен құрғақ шөптер жанды. Мәселен, кеше қаладағы саябақтардың бірінде бірден үш әжетхана өртке оранып,20 данаға бөлінген шарбақ күлге айналды.Оның неден тұтанғандығы белгісіз, анықталып жатыр.

Ал оның алдында тілсіз жау Тоқтамысов көшесінде орын алды. Сенбіліктен үйіліп қалған күл-қоқыс пен құрғақ ағаш-шөптер өртеніп кетті.Қара түтінге ұласқан жалын 150 шаршы метр аймақты шарпыды. Мамандардың айтуы бойынша мұндай жиілеп кеткен өрт оқиғаларына-тазалық жұмыстарының толық аяқталмауы себеп дейді. Өйткені, тұрғындар күл-қоқысты жағып, толық сөндірмей кететін көрінеді. Және соның салдарынан шөптер тұтанып , өртке айналады.

Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
Осыны ескере отырып, әр сенбілікте рейд жұмыстарын жүргіземіз. Тазалық кезінде күл-қоқыс, құрғақ шөптерді жаққан адамдарды тексереміз. Қауіпсіздік шараларын сақтамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture