Балқашта Гоголь көшесінің тұрғындары бір ай бойы ауыз сусыз отырған

Гоголь көшесінің тұрғындары бір ай бойы ауыз сусыз отыр. Оған 77 үйдің маңында жарылған құбыр себеп. Алайда, оны кім жасайтыны әлі белгісіз. Өйткені,екі апта бұрын коммуналшылар жөндемек болып жерді қазып, ашық бетінде тасап кеткен. Содан бастап жарылған құбыр сол беті жатыр. Тұрғындар Балқаш Суға барса, мамандар жеке секторға біз жауап бермейміз деп ат-тондарын ала қашуда. Ал бұл жағдай не істеу керек, су жүйесін кім жөндеуді.

Заманның дамыған уақытында ауыз суға зар болып, оны даладан бір ай бойы тасып жүрген тұрғын –Надежда Сысова. 62 жастағы зейнеткер үйдегі 6 адамға суды бір флякпен күніне бірнеше мәрте әкелеміз дейді. Оның өзі жетпей қалатын көрінеді.

Надежда Сысова – Гоголь көшесі, 77 үйдің тұрғыны
«Үйде үш бала бар. Ең кішкентайы 1 жаста. Күнде киім жуып, тамақ беріп, үй жинау керек. Олардың барлығына көп су керек.Флякпен тасимыз. Жетпейді».

Тіршілік нәріне жарымай қалған тұрғындар Балқаш Суды екі апта бойы күткен. 14 күннен кейін жұмысшылар кентіне әрең жеткен мамандар жарылған құбырдың жерін екі метрге дейін қазып, көрген. Нәтижесінде бұл көшенің құбырлары бізге тиісті емес деп кетіп қалған.

Клавдия Кузиванова – Гоголь көшесі, 77 үйдің тұрғыны
«Мен өмір бойы осы көшеде, осы үйде тұрып келемін. Мұндай су болмаған жағдай бірінші рет. Міне сусыз отырғанымызға бір ай болды. Әлі жоқ».

Ал біз осы мәселенің ақ-қарасын анықтап жатқанда Балқаш Су мекемесі жедел жұмысқа кірісіп, Гоголь көшесіне су беріпті.Алайда, қазылған шұңқыр әлі жабылған жоқ.

Сарыбай Махабаев – су жүргізетін жүйенің участік  бастығы
«Себебі ол трасса біздікі емес. Балқаш Судыкі емес. Өздерінің частный трубасы. Бір ай болып қалды істен шыққан. Өзіміздің басқа жұмыстарымыз болғандықтан жүріп алдық. Бүгін барып 40-50 минут болды, бітіріп суды бердік халыққа».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture