Балқашта 2 автокөлік соқтығысты. Оқыс оқиға күндізгі сағат 2 шамасында Ленин көшесінде орын алды.Алдын ала болжам бойынша, Бөкейханов көшесінен «Мысшылар» стадионына қарай бет алған Renaultавтокөлігі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Салдарынан зауыт жақтан шығып, басты көшеде келе жатқан Лада Приора көлігімен соқтығысты. Оқыс оқиға кезінде Renault көлігінде 3 адам, ал Лада Приорада жүргізушімен бірге 1 жолаушы болған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда апаттың себеп салдары анықталуда
Қазақстанда газбен жүретін көліктерге танылымдық белгі жапсыру талап етіледі. Ішкі істер министрлігі газбаллондарымен жабдықталған көліктерге арнайы белгі әзірленіп қойғанын айтты. Төтенше жағдайлар комитетінде автокөлік жүргізушілері көліктің газбен жабдықталғандығы туралы белгі тағуға міндетті деп хабарлады. Дәл сондай белгі техникалық құжатқа да қойылады. Мамандардың айтуынша, белгі «газ» жазуы бар қызыл үшбұрыш түрінде болады. Алайда, көліктер сауда орталықтарына, паркингтерге және қоғамдық ғимараттарға бекітілген автотұрақтарға кіргізілмейді. Мұндай шаралар азаматтар мен мүліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Бұдан бөлек, жақын арада тәртіп сақшылары шетелдік нөмірі бар автомобильдерді елден шығаруды бастайды. «Жол жүрісі» туралы заңға сәйкес барлық көліктер Қазақстанда тіркелу қажет. Ал «басқа біреудің номерімен» 12 айға дейін жүруге болады
Қазақстанда жедел жәрдем көлік жүргізушілеріне дабыл белгісін қосып жүру міндеттелді. Енді олар бір уақытта арнайы дыбыс сигналы мен арнайы шамшырақтарын қосып жүрулері керек.Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен жедел жәрдем көлігіне науқасқа бара жатқанда немесе медициналық мекемеге қайтқан кезде дыбыс сиренасы мен түрлі түсті шамдарын таңертеңгі 6-дан кешкі 11-ге дейін қосуға болады. Ал, түңгі уақытта тек арнайы шамшырақты қосуға рұқсат етілген. Осы ережеге сәйкес Балқаш дәрігерлері 6 арнайы көлікпен шақыртылған жерлерге барады
Қалада шыршалар алынып, демонтаж жұмыстары басталды. Тәуелсіздік алаңы мен мәдениет сарайының артқы алаңындағы жасыл ағаштар жиналуда.Демонтаж жұмыстары үшін жүк көтергіш машина жалданған. Бірінші жұмыс шыршалардағы ойыншықтарды жинау. Одан соң жасанды қылқан жапырақтар мен гирляндалар алынады. Ең соңында металл қалпы жиналады. Демонтаж жұмыстары тәуелсіздік алаңыңдағы жаңа жыл символына да жасалады. Жиналған жасыл шырша бөліктері арнайы контейлерде сақталмақ
Балқашта 10-нан аса мектепте ерекше қажеттіліктері бар оқушылар білім алады. Балғындар инклюзивті білім беру бойынша оқытылады.№1 мектеп қаламызда 2014 жылдан бері инклюзия бойынша сынақ алаңы болып табылады. Мектептің 3 пен 8 сынып оқушыларына инклюзивті сағат өтуде. Бұнда ерекше қажеттіліктері бар балғындар жиналған. Психолог пен дефектолог әр баламен жеке жұмыс жасайды. Оқушылар сөзбен жеткізе алмаған дүниесін қағазға салады. Конструктор, мозаика құрайды. Дефектологпен бірге әріптерді дұрыс дыбыстап жаттығады. Аптасына 2 рет 1 сағатқа жуық көлемде шығармашылықтарын дамытады. Балқашта 2014 жылдан бері инклюзив бойынша білім беру бастама алған. Қаланың 10 мектептебінде қарапайым сыныптарда 100-ден аса ерекше қажеттіліктері бар оқушылар оқиды. 70-ке жуық бала жеңілдетілген оқу бағдарламасымен арнайы сыныптарда білім алады. Ал, мектепке дейінгі «Ертөстік» мекемесінде ерекше күтімдегі 20-дан аса бөбек тәрбиеленеді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login