«Әл-Фараби және Отырар өркениеті»

«Әл-Фараби және Отырар өркениеті». Осындай атаумен оқушылар сарайында плакаттар фестивалі өтті. Шара шығыстың ғұлама ойшылының 1150 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Оған атсалысуға 16  қала мектебінің 6-8 сынып оқушылары келді. Плакаттар аралас техникамен салынған. Абстракция және тұрмыстық жанр. Оқушылар Әл-Фарабидің бейнесін және туған жері Отырарды  кескіндеген. Мұндағы әр плакат қазылар алқасының бағалауынан өтті.

Арайлым Шарбекова – педагог-ұйымдастырушы: «Бүгінгі біздің плакаттар және постерларға баға беретін әділқазылар ол қаламыздың білім бөлімінің бас маманы Ольга Садвокасова және өнер мектебінің сурет үйірмесінің жетекшісі Даримбекова Бахыт Алимхановна және де осы оқушылар сарайының бейнелеу әлемі үйірмесінің жетекшісі Тохметова Арайлым Тлеуғабыловна»

Фестиваль қорытындысы бойынша №1 мектеп оқушыларының жұмысы үздік деп танылды. Ал 1-орын №3 мектеп-интернатының қатысушыларында. 5 және 17, 25-ші мектеп оқушылары өзара 2-ші орынды бөлісті. Ал 3-ші сатыға  №2 лицей мен 7-ші гимназия және №24 мектеп қатысушылары тұрақтады. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login