Балқашта қарт кісі өрттен зардап шекті

Бүгін Балқашта қатарынан бірнеше төтенше жағдай оқиғалары орын алды. Солардың бірі Желтоқсан көшесіндегі бір үйде болды. Онда 69 жастағы қария зардап шекті. Зейнеткер сағат 2-де түскі асқа пешке тамағын жылытпақ болып, ұмытып кеткен. Ал өзі ішімдік ішіп алған көрінеді. Соның салдарынан көк түтінге уланып, естен танып қалған. Ал түтінді көршілер байқап, өрт сөндірушілерге хабарласқан. Оқиға орнына жеткен мамандар пәтерге сатымен, балкон арқылы кірді. Зардап шеккен тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аурухана жеткізді. Қазір қарияның денсаулығы бір қалыпты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture