Линиялық полиция бөлімшесінің қызметкерлері рейд жұмыстарын бастады. Өйткені,15 сәуірден бастап көл бетіне шығуға тыйым салынды. 31 мамырға дейін көлге шықпақ түгілі, балық аулауға, көлікпен көл жағасында жүруге мүлдем болмайды. Себебі, бұл уақыт аралығында балықтар уылдырық шашады. Сондықтан ,мамандар 46 күн бойы көлде тексеріс жүргізеді. Ал осындай заңға бағынбағандар сот алдында жауап беретін болады.
Виктор Васильев — Линиялық полиция бөлімшесінің бастығы
«15 сәуір мен 31 мамыр күндері аралығында уылдырық шашу науқаны басталады. Бұл уақытта көл бетіне шығуға мүлдем болмайды. Ұсталған жағдайда құжат сотқа жіберіліп, 10 айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салынады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login