Қарағандыда зияткерлік мектептерге қабылдау басталды

Облыстық зияткерлік мектептерге қабылдау басталды. Қарағанды қаласындағы Дарын, Мұрагер және Нығмет Нұрмақов пен Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп интеранаттарына оқуға түсемін деген оқушыларға жол ашық. Аталған оқу ордалары биыл төртінші сыныпты аяқтаған 5-сыныпқа баратын балаларды қабылдайды. Ол үшін жоғарыда аталған 4 мектептің бірін таңдап, өтініш жазу керек. Қабылдау комиссиясы 10- мамырға дейін жұмыс істейді. Ал бірінші сынақ 14- мамырда өтеді. Онда балалар 30 минуттың ішінде математикадан 15 сұраққа жауап беріп, логикалық ойлау-қабілеттерін көрсетулері тиіс. Емтиханнан өткендер 28 мамыр күні  екінші рет тест тапсырады.

Айта кетейік, мектеп-интернаттарында балалар жатып оқитын болады. Оқу тегін. Мектептер гуманитарлық-техникалық бағыттарға бөлініп, сабақ береді. Және онда қазақ , орыс тілдерімен қатар ағылшын, қытай, француз тілдері оқытылады. Толық ақпаратты экранда көрсетілген телефон нөмірлері арқылы біле аласыздар.

Жәмиля Ибадельдаева- «Мұрагер» мамандандырылған мектептің оқу ісі жөніндегі директор орынбасары
«Мұрагер мектебінде Балқаш қаласынан, Приозерск сол маңайлардан 6 бала оқып жатыр бізде. 6 баланың үлгерімі өте жақсы. Біздің бағыт физика-метематика және көптілділік.Қазақ , орыс тілімен қатар ағылшын, француз және биылдан бастап қытай тілі қосылып жатыр».

Дарынды балаларды қабылдайтын облыстық мектептер:
«Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты (қазақ, орыс)- 8(7212)500365, 500368
«Дарын» мамандандырылған мектеп-интернаты (қазақ, орыс)- 8 (7212) 34-77-27
Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты (қазақ)- 8 (7212) 567232
Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты (қазақ)- 8(7212) 45-16-49

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture