Балабақша маңында қылқан жапырақ ағашы отырғызылды

Ағаш егу- сауапты амал. Осыны  ескерген  ЭКОШ  ғылыми  жастар  экологиялық қозғалысы  балабақша  маңында  екі түп  қылқан жапырақты ағаш отырғызды. Халықаралық  ағаш және орман күніне  орай  ұйымдастырылған шара «Ақбота»  балабақшасында  өтті.  Онда кішкентай  экологтар   қонақтарды   әуезді әнмен  күтіп алып,  қоршаған орта туралы білгендерін  ортаға салды. Ал оған сый ретінде   боз арша  өсімдігінің  түптеріне ие болды. Және   шараға қатысушылар жапырағы жайқалып өсетін ағаштарды   кіре  беріс алаңға отырғызып, қағазға жазылған тілектерін  шыбықтарына  ілді.

Людмила Стражко – «ЭКОШ» ҚБ  жетекшісі

«Бүгінгі  отырғызған ағаш біздің ауа райымызға төзімді. Әрқашан жасыл болып , гүлдеп тұрады. Бірақ кейін  балабақша маңына  шыршаны отырғызамын. Содан кейін  бүлдіршідер жаңа жылды  осында қарсы  алады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture