Балқаштан 70 шақырым қашықтықта жеңіл автомобиль мен жүк көлігі соқтығысты. Оқиға салдарынан екі адам зардап шегіп, 83 жастағы әйел көз жұмды. Қарағанды бағытындағы Алматы-Екатеренбург тас жолының 703 шақырымында «Опель» маркалы автомобиль мен «Фотон» жүк көлігі соқтығысқан. Қатты соққы жеңіл көліктің жолаушы отыратын тұсына дәлме дәл тиген. Нәтижиесінде 83 жастағы әйел адам оқиға орнында мерт болды. Одан өзге апат салдарынан 2 адам зардап шекті. 51 жастағы ер азаматтың иық тұсы сынса, 53 жастағы балқаштық тұрғынға стресске өткір реакциясы бар деген диагноз қойылды
Биылғы жылы еліміздің басты Заңының қабылданғанына 24 жыл толады. Бүгінгі күннің қолданысындағы басты құжат 1995 жылы 30 тамызда қабылданған болатын. Алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің қауылысымен қабылданды. Бұл Негізгі заң басқару нысанын, мемлекеттік құрылысты, саяси режимді бекітті. Сайлау құқығының, бюджеттік құқықтың негізгі бастаулары белгіленді. 1937 жылдың 26 наурызында қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 бөлім мен 125 баптан тұрды. 1937 жылдың Конституциясында мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті және де азаматтар құқығын, салық салу т.б. мәселелерді қорғау бойынша республика саясатын жүргізу құқықтары бекітілген. 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллигенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды: халықтық егемендік; мемлекет тәуелсіздігі; билікті бөлісу принципі; қазақ тілін мемлекеттік деп тануды қамтыды. Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды. 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Сол күннен бастап мемлекеттік мерекеге айналды. Жобаны халықпен талқылау барысында 33 мың ұжымдық кездесу өтіп, оған 3 млн-нан аса азамат қатысқан. Талқылау кезінде басты Заңға 30 мыңға жуық ұсыныстар мен ескертпелер енгізген. Ең көбі 55-бапқа 1000-нан аса толықтырулар келтірілген. Қолданыстағы Конституцияға 3 мәрте өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 1998 жылы түзетулерге сәйкес елдің саяси өмірінде Парламенттің ролі айтарлықтай күшейтілді. Конституцияға өзгерістер енгізу 2007 жылы да жалғасты. Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық мәртебеге ие болды. 2011 жылғы ақпанда конституциялық негіздері тағайындау және кезектен тыс президент сайлауын өткізу шешімі шықты. Басты құжаттың соңғы өзгерісі 2017 жылдың наурызында болды. Астана шегінде қаржы саласында құқықтық режим, террористік қылмыстар жасағаны үшін сот шешімімен азаматтығынан айыру, ал президентке қойылатын талаптарды жоғары біліммен толықтырды
Балқаштықтар дәрігерге жазылмай-ақ, тегін түрде мамандардан кеңес ала алады. Шаһарда ертең медециналық акция өтеді. 29 тамыз күні «Рухани жаңғыру» жастар орталығында сағат 17.00 – 19.00 аралығында жалпы практика дәрігерлері мен психологтар қала тұрғындарын қабылдайды. Шара барысында тұрғындар қан қысымын өлшеуге, қандағы холестерин мен глюкоза мөлшерін анықтауға мүмкіндік алады. Одан өзге мамандар міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша консультация өткізеді. Дәл осы уақытта мәдениет сарайының аумағында медицина қызметкерлері балқаштықтардың міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша білімін тексереді. Қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізіліп, ең көп сұраққа дұрыс жауап бергендеріне ақшалай сыйлық беріледі
Балқаштық 12 мектеп пен 1 балабақша жаңа оқу жылы қарсаңында жөндеу жұмыстарынан өтті. Білім ордаларында терезелер ауыстырылып, жылу жүйесі мен аулалар жаңартылды. №16 мектепте жөндеу жұмыстары аяқталып жатыр. Бүгінгі таңда кеше ғана ауыстырылған пластик терезелер жуылып, өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл әйнектерді ауыстыруға бюджеттен 20 миллионға жуық қаражат бөлінсе, жылу құбырларын жаңалауға 10 миллион теңге жұмсалған. Ал, 3 қабатта едендерді жылыту бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Ол үшін бюджеттен қосымша 1,5 миллион теңге қаражат бөлінген. Барлық жұмыстар жаңа оқу жылына дейін аяқталады. Биыл шаһарда 12 мектеп пен 1 балабақша жаңа оқу жылы қарсаңында жөндеу жұмыстарынан өтті.№7, 8, 9, 10, 16 мектепте, 2 интернатта және Саяқ кентіндегі білім ордасында ескі терезелер жаңа пластикке ауыстырылды. Одан бөлек 9, 16, 3 мектеп мекемесінде және Айгөлек балабақшасында жылу жүйесі толықтай жаңартылды. Өзге білім ордаларының шатырлары мен спортзал едендері ауыстырылса 17 білім ордасының алаңы абаттандырылып, асфальт, брусчатка төселді. Бұл жұмыстардың барлығына 270 млнға жуық қаржы бөлінді
Ертең Балқашта бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. Екі қолға бір күрек іздеп жүргендер үшін бұл үлкен мүмкіндік.29 тамыз күні сағат 11:00-де жұмыспен қамту орталығы Жастар ресурстық орталығында бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді. Шараға 20-ға жуық жұмыс беруші қатысып, 350-ден астам бос жұмыс орнын ұсынбақ. Жәрмеңкеде тұрғындар өзіне керекті қызмет бойынша сол жерде алдын ала әңгімелесуден өтіп, түйіндемесін қалдыра алады
Санаулы күндерден соң еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау үні сыңғырлап, оқушылар 1-сынып табалдырығын аттайды. Қазіргі заңнамада баланы алты жастан бастап 1-сыныпқа беру керектігі туралы айтылып жүр. Мұны Білім министрі Асхат Аймағамбетовтің өзі де растады. Мектепке алты жаста келетін балалардың саны артып келеді. Мәселен, 2014 жылы балалардың 60 проценті мектепке алты жаста келген. 2018 жылы олардың саны 80 проценттен асты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login