Қарағандылық экологтар тауық жұмыртқасының құрамынан қауіпті заттар тапты. Анықталғандай онда диоксин көрсеткіші жоғары болып шықты. Тексеріс нәтижесінде, Шетпе ауылынан алынған сынамадан тыйым салынған хлорорганикалық пестицидтер табылған. Сонымен қатар Қарағанды қаласындағы супермаркеттердің бірінде саудаланған жұмыртқа құрамынан денсаулыққа қауіпті химиялық элемент түрлері кездесті.
Ал, мұндай ауытқушылық мамандардың айтуынша жүйке жүйесіне кері әсер етіп, эндокриндік ауруға шалдықтыруы мүмкін.
Самат Молдабеков-Ветеринария бөлімінің басшысы
«Жұмыртқа қай жерде сатылсада мына орталық базардағы ветеринарлық сараптама лабароториясынан сараптамадан өтеді. 85-95 пайыз жұмыртқаны Қарағанды жақтағы Бұқар жырау ауданынан, Абай ауданынын осы жерге жеткізіледі. Ол жақтан жеткізілгенде Ветеринарлық сілтеме құжаттарымен келеді. арнайы автотранспортпен, арнайы температурада».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login