Жол көлік оқиғасы қаладан 14 шақырымдағы Қарағанды бағытында болды. Түнгі сағат 3.00 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 625 шақырымында «Мерседес» автокөлігі аударылып кетеді. Көліктегі 22 жастағы қыз бен 30-дағы ер адам зардап шегеді. Екі жолаушы да Балқаш тұрғыны. Олар орташа ауыр жағдайда орталық ауруханаға жеткізілді
Балқаш қаласы маңында жоғалып кеткен жетісайлық тұрғын іздестіріледі. Оңтүстік өңірдің тұрғыны үстіміздегі жылдың 8 шілде күні Нұрсұлтан-Жетісай бағытындағы автобуспен жолаушылап келе жатып, жол бойындағы «Балқаш» дәмханасына тоқтайды. Іздестіріліп отырған жанның аты жөні Жұмаділдаев Бақытжан Сәрсенбекұлы. 1992 жылы 25 тамызда дүниеге келген. Үстіміздегі жылдың 8 шілдесінде жоғалған. Ерекше белгілері: бойы 170-175 см, қара шашты, арықша келген, көзі қара, екі қолының білек тұсында күйіктен қалған тыртығы бар. Өзімен бірге ұялы телефоны мен жеке бас куәлігі болған. Балқаш маңында аялдаған сәтінен соң, ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Туыстары іздеу салуда. Егер бұл азаматты көрген болсаңыздар немесе қандай да бір ақпарат білсеңіздер 8 777 586 39 45; 8 705 326 86 98 немесе 102 телефон номерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз
Балқаштық орталық саябағын аббаттандыруға 300 млн. нан астам қаржы бөлінді. Биылдан бастап қала саябағы күрделі жөндеуден өтеді. Барлық ескі жабдықтар жаңаға алмастырылатын болады. Жалпы аббаттандыру шарасы 2 кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең 2019 жылы тамыздың ортасынан басталады. Ол уақытта ескі металл қоршауды жаңа қоршауға ауыстыру, дәретхананы қалпына келтіру, жарық шамдарын, суық су және кәріз жүйелерін ауыстыру, суару жүйесін орнату арканың каркасын жасау сынды жұмыстар жүргізіледі.Ал қалған жұмыстар 2020 жылы жүзеге асады. Ол жерде балалар алаңдары, дендрарий, фонтан, бүкіл парк алаңында сәккілер, қоқыс жәшіктері орнатылатын болады. Оның 73 млн бірінші кезеңге, қалғаны екінші кезең жұмыстарына жұмсалады. Барлық жұмыстар 2020 жылдың қыркүйек айына дейін аяқталуы тиіс
Биыл 1400-ге жуық балқаштық бүлдіршін 1 сыныпқа аяқ басып оқушы атанады. Ол үшін балқаштық барлық мектептерде балаларды дайындайтын 3 апталық курс өткізіліп жатыр. Оған мектепке дейін даярлық сыныптарына барған немесе балабақшадан түлеп ұшқан балдырғандар қатысады. Оқушы статусына ие болатын балақайлардың жаңа оқу жылына деген талпыныстарын көзбен көріп қайтқан тілші әңгімелесін. №17 мектеп-лицейінің қабырғасында аталған курс тамыз айының басынан бері жұмыс істеп келеді. Жаңа оқу жылына бұл мектепке 100 ден астам 1 сынып оқушылары аяқ басады. Әр сыныпқа 25 оқушыдан 4 сынып құрылды. Бүгінде бүлдіршіндер сауаттылық, математика дүниетану пәндерін меңгеруде
Жексенбіде Қазақстан мектептерінде алғашқы қоңырау соғылады, дегенмен сабақ болмайды. Білім күні жексенбіге түсетініне қарамастан, 1 қыркүйек күні Қазақстанның барлық мектебінде салтанатты сап түзеу жиыны өтеді. Балқаштық оқушылар үшін де сап түзеу 1 қыркүйекте өтеді, дегенмен бұл күні мектеп оқушыларына сабақ болмайды. «Білім туралы» заңға сәйкес, Қазақстанда балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап барады. Білім министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, ата-аналардың көпшілігі балаларын мектепке алты жастан жібереді. Егер 2014 жылы алты жасар балалардың 60%-ы мектепке барса, 2018 жылы олардың саны 80%-ға дейін өскен.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login