Құрбан айтта Балқашқа 500-ге жуық мал басы әкелінді

Оның 100-ге жуығы сол күні  құрбандыққа шалынды.  Атап айтқанда, 4  ірі қара және  90 нан астам қой мен қозы қасапшылардың алдынан өтті. Сойылған малдар бірнеше бөлікке бөлініп мұқтаж жандарға таратылды.

Базарға мал іздеп келген тұрғындар қарасы көп. 64 жастағы қала тұрғыны Анарбай Ыбышев та бүгін айт намазынан кейін базарға бірден ат басын бұрған.Оның таңдауы мына семіз тоқтыға түсті. Анарбай Ыбышев қойдың он екі мүшесінің сау екеніне көз жеткізген соң оны сатып алды.

 Анарбай Ыбышев – қала тұрғыны: «Жалпы жыл сайын отбасымызбен  Құрбандық шаламыз. Биыл да сол әдет ғұрпымыздан қалмай құрбандық шалып жатырмыз. Бүгін жастау тоқты малын алып құрбандық шалып отырмыз. Маңайымдағы көршілерім бар, туысқандар бар бес отбасына таратып беремін. Алладан рақым күтеміз.Барша мұсылман қауымының мерекесі құтты болсын»

Биыл Құрбан айтқа Ақтоғай мен Шет аудандарының фермерлері 500-ге жуық мал алып келген. Оның 100-ге жуығы айттың алғашқы күні құрбандыққа шалынды. Барлық  сойылған мал еті ветеринар маманының қатаң бақылауынан өткізіледі. Маман малдың ішкі ағзасын жіті тексеріп, соңында «таза жеуге жарамды» деген  етке мөр басады.

Исабек  Қанатбеков – «Агрико-Ет» ЖШС ветеринар маманы: «Келген малға клинический осмотр жасаймыз. Одан кейін цехтан конвейермен өтеді. Терісі түскеннен кейін оған зерттеу жүргіземіз. Оның  бездерін қараймыз. Күйін қараймыз, Қалай  сойылды, ішкі органдарын бауырдың жағдай, ішек-қарынның жағдайы н тексереміз сосын оны сатуға, ждеуге рұқсат деген мөр қойылады

Игі шарадан қала әкімшілігі де құр алақан қалмады. Биыл әкімшілік тарапынан бір ірі қара сойылып,  70 бөлікке теңдей бөлінді. Шалынған құрбандықты  мұқтаж отбасылар мен мүгедектерге таратып берді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login