Балқаштық оңалту орталығының тәрбиеленушілері тамақ істеуді үйренуде

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Ботажан» оңалту орталығының тәрбиеленушілері тамақ істеуді үйренуде. Себебі олар үшін нан турап, шай құюдың өзі оңай емес. Ал, қазір онда балаларға мұның барлығын көрсетіп, үйрететін» еңбек терапия» деп аталатын жаңа сабақ оқытылуда.

Ас үйде өтетін сабақта тек практика ғана емес теория да қатар жүреді. Мысалы нан турап үйрену барысында оның ұннан жасалатыны, ал ұнның бидайдан алынатыны түсіндіріледі. Бүгін еңбек терапиясына қатысушылар бутерброд жасау барысында пышақ пен қасық ұстап үйренді. Ал, икемділікті арттыру үшін мұндай сабақтар аптасына 5 рет өткізіледі.

Надежда Новикова –«Үлкен Жүрек» қалалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі
«Шай құйып, нан турау балалар үшін өте қызықты. Барлық тапсырманы орындағаннан кейін , үй жұмысы сұралады. Үйге каркаде шәйі туралы біліп келуді тапсырған болатынбыз».

Сабақтың екінші тақырыбы-шай құйып үйрену. Қыздар каркаде сусынын ұнатса, жігіттер жасыл шайды қалайды екен. Ал, шай ішу барысында бұл сусындардың денсаулыққа қандай пайдасы бар екендігі айтылады. Мысалы, жасыл шай қан қысымын төмендетсе, каркаде суық тигенде имунитетті көтереді.

Анна Устенко –фитотерапевт дәрігер
«Фито терапия қазір кеңінен қолданылып жүрген емдеу-сауықтыру тәсілдерінің бірі. Бала ағзасының қалыптасуына көмегі зор. Мұнда біз балалармен түрлі шөптерден дәмді шай демдеуді , құюды үйренеміз.

Еңбек терапиясы одан кейін жан-жануарлар бұрышында жалғасады. Қоян мен тотықұс бұл орталыққа жақында қоныс аударған. Ал, аквариумда балықтар мен бақа тіршілік етеді. Жем беріп, күтіммен айналысу балаларға жүктелген. Осындай әдіс арқылы олар жауапкершілікті сезініп, тірі жанға қамқор болуды үйренуде.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture