Балқаш жаңалықтары 12 сәуір 2017

Қатты жауған жаңбырдан мемлекеттік мүлік зардап шекті. Сейфуллин көшесінде орналасқан жарық бағанасы құлады.

3 «б» автобусы 15 сәуірден бастап ақ тас аймағына қайта қатынай бастайды. Қоғамдық көліктің маршруты мен жүру уақыты өзгермеген.

Сауда нүктелеріне ілінген жарнаманың дұрыстығын арнайы мобильді топ тексеруге кірісті. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандарымен бірге бізде шықтық.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Ботажан» оңалту орталығының тәрбиеленушілері тамақ істеуді үйренуде.

Әуеге самғаған жандар. Бүгін дүниежүзілік авиация және космонавтика күні. 1961 жылы 12 сәуірде адамзат үшін ғарыш дәуірі басталды. Ал Қазақстаннан ғарышқа ұшқан азаматтар қатарында жерлесіміз Юрий Лончаков бар.

Ерекше хобби. Балқаштық тұрғын ескі фотоаппараттардың түр-түрін жинаумен айналысады. Коллекционердің қорында қазір 40-қа жуық сурет түсіретін құрылғымен 20 ғасырлардағы кино камера бар.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture