Балқашта найзағайдан жарық бағанасы құлап түсті

Қатты жауған жаңбырдан мемлекеттік мүлік зардап шекті. Сейфуллин көшесінде орналасқан жарық бағанасы құлады. Абырой болғанда жол бойына көлденең түскен тасты заттан ешкім зардап шекпеді. Сейфуллин көшесіндегі 55 -ші үйдің тұрғындарының айтуы бойынша бағананы кешегі нөсер жаңбыр кезіндегі найзағай құлатты дейді. Алайда, ол кезде далада ешкім болмаған. Ал қираған электр бағаны Балқаш энерго мекемесі ертең алып, жаңасын келер аптада орнататын болады. Сондықтан әзірше Сейфуллин көшесінің бойында шамамен 200 метрдей аралықта жарық болмайды.

Юрий Снегуров – «Балхаш Энерго» КМК инженері

«Бұл бағана апатты жағдайда болмаған. Найзағайдан құлап қалуы да мүмкін. Біз қазір арнайы көлікті дайындап жатырмыз. Сынық бағананы ертең алып тастаймыз. Жаңасын келер аптада орнатып, жарықты орнатамыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture