Бүгін дүниежүзілік авиация және космонавтика күні. 1961 жылы 12 сәуірде адамзат үшін ғарыш дәуірі басталды. Ал Қазақстаннан ғарышқа ұшқан азаматтар қатарында жерлесіміз Юрий Лончаков бар. Ол 1965 жылы 4 наурызда Балқашта дүние келген. Бастауыш сыныпты осында оқып, мектепті Ақтөбе қаласында тәмамдаған. Кейін Орынбордағы жоғарғы әскери ұшқыштар училищесін бітіріп, 1986-1995 жылдары теңіз авиация бөлімдерінде , әуе қорғаныс ісінде қызмет атқарған. Ал космонавтар қатарына 1998 жылы қабылдып, елімізден шыққан 6-шы ғарышкер атанды. Жалпы ашық аспанға үш рет ұшқан. Әскери шені- полковник.Ақтөбе облысының құрметті азаматы. Үш Ресей медалімен марапатталған. 2004 жылы «Ресей батыры » атағын иеленген. Қазіргі күні Мәскеудегі Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындаудың Ғылыми-зерттеу орталығының басшысы міндетін атқарады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login