Балқаш жаңалықтары 11 сәуір 2017

Мерекелік бастама. Бүгін Балқаш қаласының 80 жылдығын тойлау ресми түрде басталды. Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайында мерейтойдың алғашқы салтанатты форумы өтті.

Мерейтойлық тәтті сый!Балқаш Сервис колледжінің студенттері Балқаштың 80 жылдық хронологиясын тортқа жазды.

Жаңадан салынатын жолдың сапасын партиялық бақылау посттар қадағалайтын болады. Оның құрамына депутаттар, ардагерлер кеңесі және қоғамдық кеңес мүшелері енеді.

Медициналық міндетті сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін кімдер медициналық көмекті тегін алады, ал кімдерге ақылы болады?

Қалалық саябаққа 170 түп көшет отырғызылды. Бәрі де терек ағашы. Ал, талдарды суарумен Зеленстрой мекемесі айналысатын болады.

Жолды жөндеу жұмыстарына байланысты №11, 12, 14 автобустардың маршруты өзгереді. 12 сәуірден бастап 14 сәуірге дейін аталған қоғамдық көліктер басқа жолмен жүруге мәжбүр болады.

Қос мерейтой. Биыл қалаға 80 жыл толса, мыс электролиздеу цехына 65 жыл. 1952 жылы іске қосылған өндіріс ошағы бүгінгі күнге дейін үзіліссіз жұмыс істеп келеді.4 участікке бөлінген өндіріс алаңында 700-ге жуық маман күндіз –түні қызмет атқаруда.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture