Биыл қалаға 80 жыл толса, мыс электролиздеу цехына 65 жыл. 1952 жылы іске қосылған өндіріс ошағы бүгінгі күнге дейін үзіліссіз жұмыс істеп келеді. 4 участікке бөлінген өндіріс алаңында 700-ге жуық маман күндіз –түні қызмет атқаруда.
45 жастағы Қайрат Сыздықов электролиздеу цехінде сулы ерітінділердің жұмысына жауап береді. Мұнда 5 күннің ішінде электролиз тәсілі арқылы қарапайым металл қаңылтырынан қымбат мысты өнім алынады. Химиялық қоспалардың күшімен анодтты зат катодқа айналады. Осылайша 19 ғасырда ағылшын оқытушысымен пайда болған мұндай әдіс әлі де қолданылып келеді.
Қайрат Сыздықов – Сулы ерітінділер электролизі
« Электролит ерітінді, соған саламыз. Анодттан катодқа кетеді. Ал Анод еріп, катодқа барады. Одан үлкен мыс,катод аламыз».
Ал цехтегі әрбір мысты құйманың сапасы әрқашан басты назарда болады. Өйткені, ең бағалы өнімнің құрамында шикізат 99,9 пайызды құрауы тиіс. Егер сапасы стандартқа сәйкес келетін болса, онда эскпорттауға дайындалады. Және кейін дайын өнім Лондон биржасына, Ресей, Қытай елдеріне жіберіледі.
Қасқабай Махабаев – участок басшысы
«Сол тазалық арқылы мыстың сапасы өседі. Мыстың сапасы жоғары болған сайын тапсыру бағасы өсіп тұрады. Айына шығартынымыз 150 тонна. Бізде заказ өндірістік планға байланысты ,150 тонна болса 180-240 тоннаға дейін шығара аламыз ».
Жалпы, электролиздеу цехі 65 жылдың ішінде 12 млн катодты мыс өндірді. 1990 жылдан бастап шығарылатын заттың 85 пайызын МООК маркасы құрайды. Және аталмыш өнімнің бұл түрі нарық рейтингісінде көш басында тұр.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login