Балқаш қаласының 80 жылдығын тойлау ресми түрде басталды

Бүгін Балқаш қаласының 80 жылдығын тойлау ресми түрде басталды. Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайында мерейтойдың алғашқы салтанатты форумы өтті. Онда қаланың белсенділері мен қатар шаһардың құрметті азаматтары төбе көрсетті.

80 жылдық тарихы бар Балқаштың туған күнін тойлау әуенді көрініспен ашылды. 100-ге жуық бүлдіршіндер мен студенттер би қойылымымен өткен күнге көз жүгіртіп, 150- ге жуық әншілер әуенді әндерін шырқады. Жиынға арнайы келген ҚР-ның мәдениет қайраткері Дәурен Әркенов домбырамен құттықтауын жеткізді.

Ал жиында төрден орын алған қаланың құрметті азаматтарына бүлдіршіндер арнауларын айтып, гүл шоқтарын табыс етті. Және 10 ардагерге ЭКСПО көрмесіне тегін билетті сыйға тартты. Өз кезегінде қонақтар ізгі-тілектерін тұрғындарға арнады.

Кейін форумның соңы Балқаш қаласының алғашқы құрылысшыларына арналған алаңда жалғасын тапты. Ардагерлер мен қаланың белсенділері өңірдің құрылысына ат салысып, кірпішін қалаған жандарды еске алып, гүл шоқтарын қойды.

 Александр Архипов- Балқаш қаласының Құрметті азаматы
«Біріншіден барлық балқаштықтарды 80- жылдық мерейтоймен құттықтаймын. Шаһарымыз күннен-күнге көркейіп келе жатыр. Осындай қуанышты бірге бөлісіп отырғаныма қуаныштымын. Қазір еңбегімнің зейнетін көріп отырмын».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture