Тіркелмеген қару-жарақтарды сатып алу акциясы басталды. Үйде заңсыз сақтаулы тұрған қаруын ІІБ өткізгендер, ақшалай сыйақы алады. Оның көлемі 20 мыңнан 200 мыңға дейін. Сонымен бірге оқ-дәрі мен жарылғыш заттарда қабылданады. Мысалы, мина, граната, снаряд үшін 15 мың теңге төленеді. Деседе, берілетін қаржының көлемі қарудың сапасы мен жарамдылығына байланысты. Тіркелген, қолдан жасалған қаруларға сыйақы қарастырылмаған. Дегенмен оны тапсырғандар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Айта кетейік, атыс қаруын сатып алу акциясы жыл сайын өткізіледі. Былтыр 8 балқаштық аңшы мылтығын өткізіп 200 мың теңге сыйақы алған.
«Александр Федотов – қару айналымы және лицензиялау тобының аға инпекторы
Суық қаруды өз еркімен тапсырған тұлға қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Қаруын тапсыруға келгендер өзімен бірге жеке куәлігін және ақша аударылатын шот нөмірін ала келу керек.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login