Балқашта үш ай бұрын жоғалып кеткен Ержан Нұркеев табылды. Сәтбаев қаласының тумасын полицейлер Алматы қаласынан Балқашқа жеткізді. Бір қызығы, ол өзі Қазақстан бойынша іздеуде жүргенін тіпті білмеген. Естеріңізде болса, Камаз жүргізушісі болып жұмыс істеген 30 жастағы жігіт 12 — қаңтар күні Тасаралдан қалаға келген. Содан кейін көлігін бастығының үйіне қойып, өзі 17 квартал жаққа қарай бару үшін такси шақырған. Бірақ, Ержан нағашысының үйіне бармаған. Оған қоса, қалтасында 150 мың теңгесі болған. Міне, сол күннен бастап іздеуде жүрді. Алайда, полицейлер оны күні кеше Алматы қаласында жалдамалы пәтерден тапты. Артынша анықталғандай, ол туысқандарымен араласпайды екен. Сондықтан, өзінің іздеуде жүргенін тіпті білмеген. Және жұмыс ұнамағандықтан бастыққа айтпай кетіп қалған көрінеді.
Мадияр Игенов- қалалық прокуратураның прокуроры
«Ол Алматы қаласында жалдамалы пәтерде тұрған.Оның іздеуде жүргенін білмеген.Себебі ол ешқандай әлеуметтік желіде ,теледидарды көп көрмейтін болған. Қазіргі таңда оған қатысты іздеу туралы іс тоқтатылған болатын және ол өз жанұясына, үйіне жіберілді.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login