Енді балқаштықтар жер комиссиясының отырысын онлайн режимде бақылай алады. ҚР жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соған байланысты 2019 жылдан бастап жер комиссиясының отырысы аудиоға жазылып видеоға түсіріледі. Оны онлайн режимде youtube желісінен көруге болады. Ол үшін балқаш қаласы әкімдігінің сайтына кіріп, сол жақта көрсетілген жер комиссиясының отырысы деген бөлімді таңдайсыз.
Қарағанды облысында көктемдегі құс аулауға салынған тыйым уақыты ұзартылды. Биыл 1 наурыздан 15 мамырға дейін құстарды ату заңға қайшы болып табылады. Биыл мараторийдың созылғанына осымен үшінші жыл. Бұрын көктемның алғашқы айында үйрек пен құрды аулауға екі апта уақыт берілетін. Егер заң бұзылатын болса онда 12 мың теңгеден аса айыппұл салынады. Ал кәсіпкерлерге 50-ден 250 мың теңгеге дейін әкімшілік хаттама толтырылады. Айыппұлдан бөлек заң бұзушы табиғатқа келтірген шығынды да өтеуі керек. Оның бағасы өлтірілген жануардың түрі мен санына байланысты. Ал құс аулуға салынған тыйым 15 мамырға дейін созылады.
ТЖ кезінде тамақ қоры қаншалық болуы тиіс, шұғыл әрекет ету қызметтерін қалай қамтамасыз ету қажет? Құтқарушылар өз дайындықтарын пысықтады. Мамандар шұғыл әрекет етуге қаншалықты әзір. Толығырақ бейнематериалда
Енді жедел-жәрдем қызметінде тек фельдшерлер ғана жұмыс істейді. Санитарлар сәуір айына дейін орындарын босатуы тиіс. Одан бөлек емханалар жанында шұғыл көмек көрсету бөлімшесі ашылады.
Балқаштықтарда медиаторлардан тегін кеңес алу мүмкіндігі пайда болады. Ертең қалалық сотта ашық есік күні өтеді. Заңгерлер тұрғындарды таңғы 9 дан бастап түскі 12 ге дейін қабылдайды. Қабылдауда медиаторлардың көмегімен қандай сұрақтарды шешуге болады, медиация дегеніміз не, оған қашан жүгінуге болады деген сауалдарға жауап беріледі. Одан бөлек жағдайын айтып келген әр келушіге құқықтық көмек көрсетіледі. Бұл акция 1 наурызда аталып өтетін алғыс айту күніне орай өткізіледі.
Балқашта политехникалық колледждің студенттері болаттан құрал-жабдық жасап жарысуда. 20-дан аса қатысушының ішінен жеңіске жеткен үш болашақ темір ұстасы WorldSkills халықаралық жобасының облыстық кезеңіне барады.
№ 2 Абай мектеп лицейінің 12 оқушысы Респбуликалық ғылыми-практикалық конференциядан барлық жүлдені иеленіп қайтты. І,ІІ орынды жеңіп алған қатысушылар Мәскеу қаласында өтетін халықаралық конференцияға жолдама алды. Қазақстанның түрлі өңірінен 70-ке жуық оқушы бақ сынасқан байқау Астана қаласында өтті. Онда қатысушылар барлық пән сабақтары бойынша ғылыми жоба қорғаған. Балқаш қаласынан № 2 Абай мектеп лицейінің 12 оқушысы барып келді. Нәтижесінде, психология, биология, өлкетану мен қазақ тілі әдебиетінен жоба қорғаған 5 оқушы І орынды жеңіп алды. Ал, қазақтың салт-дәстүрлері және Балқаш туризмі туралы зерттеу жасаған 6 бала ІІ орынды иеленді. Тағы бір оқушы ІІІ орынды қанағат тұтты. Енді І және ІІ орынды иеленген 11 балқаштық наурыздың 8 мен 10 аралығында Мәскеу қаласында өтетін халықаралық конференцияға барады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login