Балқашта мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыртқа қорабынан заттар жасап шығарды

Балқашта мүмкіндігі шектеулі жандар мақта таяқшалары мен жұмыртқа қорабының көмегімен түрлі заттар жасап шығарды. Қаламыздағы  №5 балалар кітапхана-филиалында «Сиқырлы саусақтар» атты  сурет салу сабағы өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі балалардың ақыл-ойын дамытып, саусақтарының ұсақ моторикасын жетілдіру болып табылады. Олар  мақта таяқшалары мен жұмыртқа салатын қорапты пайдаланып, біренеше заттың бейнесін жасап шығарды. Оның ішінде О.Асқардың «кемесі», А.Игембайдың «гүлдері», Х.Темірбектің «жұлдызқұрты», К.Нұрланның «саңырауқұлақтары» өте керемет жасалды. Бұл жұмыстары арқылы балалар өздерінің даму қабілеттерін көрсете білді.

balkhashlib.kz

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture