Балқашта тіркелмеген қаруларды сатып алу акциясы басталды

Тіркелмеген қаруларды сатып алу акциясы басталды. Тәртіп сақшылары заңсыз сақталып жатқан қару-жарақты өз еркімен өткізгендерге 10 сәуірден бастап ақшалай қаражат төлейді. Оның көлемі әр түрлі. Мысалы, автомат 200 мың теңгеге бағаланса, карабин және винтовка үшін 100 мың теңге төленеді. Револьвер, тапаншаға берілетін сыйақы мөлшері 90 мың теңге. Тегіс ұңғылы қару өткізгендер 70 мың. Ал, травматикалық тапанша мен револьвер тапсырғандар 20 мың теңгеге ие болады. Мина, граната, снаряд секілді жарылғыш заттарға да осынша сома қарастырылған. Айта кету керек, қарумен бірге оқ-дәріде қабылданады. Деседе, берілетін қаржы көлемін арнайы комиссия анықтайды. Мамандар, қарудың сапасын, жарамдылығын тексеретін болады.

Александр Федотов – қару айналымы және лицензиялау тобының аға инпекторы
«Суық қаруды өз еркімен тапсырған тұлға қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Тапсырылған қаруға криминологиялық сараптама жасалады, егер ату өндірісіне жарамды болған жағдайда 100 пайыздық құны, егер жарамсыз болса жалпы сомасының жартысы төленеді.»

Тіркелмеген қаруларға төленетін қаржы көлемі

Қару түрі                                                         ең жоғарғы баға
Автомат                                                           226 900тг
Винтовка және карабин                            113 450тг
Тапанша және револьвер                         90 760тг
Тегіс ұңғылы қару                                       68 070тг
Травматикалық қару                                 22 690тг
мина, граната, снаряд                              15 883тг
жарылғыш заттар                                      13 614тг

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture