Балқаш жаңалықтары 6 сәуір 2017

Балқаш су тасқынына дайындалып жатыр. Бүгін комуналшылар қалаға кіре беріс аймаққа құмнан үйінділер жасады.

Қала бойынша 4 автобустың маршруты өзгерді. Өйткені Мир көшесі жол жөндеу жұмыстарына байланысты 2 күнге жабылды.

Тіркелмеген қаруларды сатып алу акциясы басталды. Тәртіп сақшылары заңсыз сақталып жатқан қару-жарақты өз еркімен өткізгендерге 10 сәуірден бастап ақшалай қаражат төлейді.

43 жылдық тарихы бар қалалық оқушылар сарайында алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары басталды. 1974 жылы тұрғызылған мәдени ошақтың шатыры мен еден, қабырғалары әбден тозған.

Мың құбылған көктем.Соңғы уақыттағы ауа райындағы өзгерістер ел тұрғындарын таң қалдырудан жалығар емес. Кеше тоқтамастан жауған жаңбыр, бүгін қармен жалғасын тапты.

Ерекше дос. Балқаштық тұрғын үйінде тропикалық аймақта мекендейтін усыз ірі жыланды асырайды. Шұбар кесірткі әлемдегі ең ұзын және дене бітімі жағынан анаконданың жалғыз қарсыласы болып табылады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture