Балқаштық тұрғын үйінде 3 метрлік жылан асырайды (Видео)

 

Балқаштық 17 жастағы тұрғын үйінде үш метрлі тропикалық аймақта мекендейтін усыз ірі жыланды асырайды. Шұбар кесіртке әлемдегі ең ұзын және дене бітімі жағынан анаконданың жалғыз қарсыласы болып табылады.

«Дрэгон » есімді тропикалық жылан суды жақсы көреді. Тазалықты ұнатады. Сондықтан, жорғалаушы жануарды күн сайын жылы суға жуындырып отыру керек. Әйтпесе, денесінен жағымсыз иіс шығуы мүмкін.

Террариумге үйренген 4 жастағы питонның қазір бойы 3 метр. Бірақ уы жоқ бұл алып жыланның ұзындығы 8 метрге дейін жетеді. Ал оның жалғыз азығы- қоян. Ең азы 20 күнде бір рет тамақтанады.Және асқазанында бірнеше күн кептеліп тұратындықтан, бір ай бойы қорытылады.

 Ерслан Тәуекелов- жылан асыраушы
» Бұл питонды мен жарнамадан көрдім. Жарнамадан көріп Қарағандыға барып таныстым. Басқалары да болған, олар қалтамды көтермеді. Бір жағынан мұндай ұзын емес. Ең ұзыны жақсысы, ең әдемісі осы болды».

Балқашқа бір ай бұрын әкелінген торлы жыланның есту қабілеті жоқ болса да, сезгіш қасиеті жоғары. Өзінің жақындарын алыстан таниды. Оған қоса, қолға үйренген жылан қазір Ерсланмен бірге би қимылдарын жаттап, үйдегілерден жатырқамай жүр.

 Ырымтай Жұмашкина- Е. Тәуекеловтың апасы
« Жыланмен бір үйде тұрған тұрған жаман емес.Қорықпаймын. Өзінше менімен ойнаған құсап, түрлі қимылдар көрсетеді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture