Балқаштағы оқушылар сарайына күрделі жөндеу жұмыстары жасалуда

43 жылдық тарихы бар қалалық оқушылар сарайында алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары басталды. 1974 жылы тұрғызылған мәдени ошақтың шатыры мен еден, қабырғалары әбден тозып біткен.Сондықтан Балқаштың 80 жылдығына орай білім орталығы жаңа кейіпке енетін болды.

Көптен күткен жөндеу жұмыстары үшінші қабаттан басталды. Қазір мұнда мамандар ескі электр сымдарын алып, демонтаждауға кірісті. Өйткені, 43 жыл бұрын нысанның іргетасымен салынған тоқтар әдбен ескіріп, үзіле бастаған.

Тамара Чужа- мердігер компанияның инженері
«Құрылыс алаңында толық демонтаждау басталдыҚазір тек электр мамандары жұмыс істеп жатыр.Содан кейін шатырды жөндеуге кіресетін боламыз. Өйткені, төбеден тоқтамастан су ағып жатыр».

Құрылысшылар ғимараттың ішіндегі электр жүйесін реттегеннен кейін шатырға кіріседі. Төбедегі барлық қаңылтырларды алып, орнын су мен аязға төзімді металлочерепицамен қаптайтын болады.Содан кейін жылу құбырларын ауыстырып, терезелерді салып, жаңа еден төсейді. Сәйкесінше, қабырғалар толық әктеліп-сырланады.

Светлана Мұратбекова- Қалалық оқушылар сарайының директоры
«Оқушылар сарайында ағымдағы жөндеу жұмыстары 8 жыл бұрын жүргізілді. Ал күрделі жөндеу бірінші рет өтуде. Қазір үйірмеге қатысып жүрген 2500-дей бала бірінші, екінші қабаттарда білім алып жүр. Үйірмелердің барлығы 25 мамырға дейін жоспарға сәйкес өткізіледі».

Қаладағы жалғыз оқушылар сарайының ғимаратын жөндеуге жергілікті бюджеттен әзірше 160 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Алдағы күні жетпей жатса тағы да қарастырылады. Ал құрылысты 50 маман 6 айда іске асырып, 1 қыркүйекте аяқтайтын болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture