Бізді әлпештеп, аялы алақанына салып өсірген қадірлі, әз әпкеміз Исабекова Қаракөз Сатыбалдықызын 35 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз!
Бір елдің ізетті келіні, ата-енесін, құдай қосқан жарының алтын басын қадірлеген әпкеміз – бүгінде 3 баланың анасы.
Бойынан танымал қазақтың аруларының асыл қасиеттері табылатын әпкемізге ұл-қыздарыңыздың рахатын жездемізбен бірге көріп, ұзақ та бақытты ғұмыр кешуді тілейміз.
Құтты болсын 35 жасыңыз,
Белестерден, асулардан асыңыз.
Жанұяның шаттығына бөленіп,
Қуаныштан шалқып-күліп тасыңыз.
Бақыт құсы айналып күнде қонсын,
Құшақтарыңыз әрқашан гүлге толсын.
Туған күн деп Сізге арнап тост көтеріп,
Туыс-туған, дос-жаран бірге болсын!
Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсең қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлеңменен,
Жеткіземіз ақ ниетпен Қаракөз саған!
Қайғы көрмей өмірің ұзақ болсын,
Қуаныштан көздерің шырақ болсын!
Әрқашанда ғұмырың нұрлы болып,
Келер күнің жұлдыздай шуақтансын!
Ақталып жақсылығың көпке істеген,
Жетіпсің жасқа бүгін 35 деген.
Бақытқа асыл әпке, бөлене бер,
Ұрпақтың қызығына кенеле бер!
Тілейміз ұзақ өмір, зор денсаулық,
Көбейсін немерелер, шөберелер!
Ізгі ниетпен: әке-шешесі: Сатыбалды – Сағат, бауырлары, келіндері, жиендері
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login