Жолдың беткі қабатынан алынып жатқан асфальт жеке меншік мекемелердің қолына өтуде. Жоспар бойынша ойығы мен шұңқыры көп көшелерді жамауға қолданылуға тиіс еді.
Қалада туберкулез дертіне шалдыққан науқастар саны азайды. Былтырғы жылдың бірінші маусымында 16 тұрғыннан құрт ауруы анықталса, биыл тек 6 адам жұқпалы залалды жұқтырған.
Қазақстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицид бойынша әлем елдерінің арасында екінші орында. Ал, 15-19 жас аралығындағы қыздардың өз-өзіне қол жұмсау жағынан көш басында. Мұндай қорқынышты статистиканы БҰҰ халықаралық балалар ұйымы жариялап отыр.
Мемлекеттің мүлкіне қол салғандар құрықталды. Қала ішіндегі құдық қақпақтарын жымқырған 15 тұрғын ұсталды. Енді олар кеткен шығынды қалталарынан төлейтін болады.
Биылдан бастап 9шы сынып оқушылары техникалық мамандықты тегін меңгереді. Бұл шара нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту деп аталатын жаңа мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асады.
Оқушылар сарайындағы «City Dance» ансамблінің тәлімгерлері халықаралық жарыстан жеңіспен оралды. «Танысу Алматы» деп аталатын байқауда өнер көрсеткен 3 жерлесіміз жүлделі орындардың барлығын иеленді.
Балқаш туралы не білесіз ? «Өркен -медия» теларнасы қаланың 80 жылдық мерейтойына орай жаңа айдар ашты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login