Қазақстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицид бойынша әлем елдерінің арасында екінші орында. Ал, 15-19 жас аралығындағы қыздардың өз-өзіне қол жұмсау жағынан көш басында. Мұндай қорқынышты статистиканы БҰҰ халықаралық балалар ұйымы жариялап отыр. Зерттеуге сәйкес, Қазақстанда орташа есеппен алғанда жыл сайын 300 ден аса бала өзіне қол салады екен. Олардың көбісі 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Суицид оқиғасы ең көп тіркелген аймақ ол Оңтүстік Қазақстан облысы. Одан кейінгі кезекте Қостанай, Алматы және Ақмола. Қарағанды облысы да көштен қалмай келеді. Біздің өңірде жыл сайын 20-30 бала өз өмірін өз қолымен қияды. Көп себептердің бірі ата-ананың баласына тым қатал қарауы, психолог, психотерапев секілді мамандарға жүгінбеуі.Осыны ескерген мамандар teenslive.kz сайтын іске қосты. Онда жасөспірімнің психологиялық жағдайына баға беретін арнайы тест құрастырылған. Сонымен бірге алаңдауға негіз болатын әрекеттер жайында біліп, сайтта көрсетілген сенім телефонына хабарласу арқылы мамандардан толғандырған сұраққа жауап алуға болады.
Светлана Богатырева-«Teens» жобасының жетекшісі
«Біздің сайт ата-аналардың өтініштері бойынша пайда болды. Онда әкесі немесе анасы баласымен бірге отырып арнайы тест тапсыра алады. Мамандар құрастырған сұрақтар баланың психихолгиялық жағдайын анықтауға көп көмектеседі. Сонымен бірге пайдалы кеңестер мен ақпараттар орналасқан».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login